Түлкібас ауданында апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі түбегейлі шешілген

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі түбегейлі шешілген. Балабақшамен қамту 97,8% пайызға орындалып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков Тұрар Рысқұлов ауылында өткен қорытынды есеп беру жиынында атап өтті, деп тілшісі.

2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы айтылған есепті кездесуге Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков, аудандық мәслихат депутаттары мен құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ - кент әкімдері мен аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағалары, аудан тұрғындары мен облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында аудан басшысы ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттер туралы баяндады.

Оның сөзінше, таулы аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылған. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, жолдар жөнделіп келеді. Көшелер жарықтандырылып, аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына және кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер ететін газ саласы оңтайлы шешімін тапқан. Сонымен қатар, аудан әкімі барлық елді мекендердегі есеп беру жиналыстарында тұрғындардан түскен сұрақтар, ұсыныс-пікірлердің және мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың сапалы, уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.  

Кездесуде Нұрбол Тұрашбековтің баяндамасынан кейін сөз алған облыс әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков Түркістан облысының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы атқарылатын жұмыстар барысына тоқталып өтті.

Өз кезегіне аудан тұрғындары табысты атқарылған жұмыстар мен алда атқарылатын міндеттерге оң бағаларын берді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе