Жамбыл облысында 88 балабақша мен 53 шағын орталық салу қажет

Жамбыл облысында балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту үшін 88 балабақша мен 53 шағын орталық салу қажет, деп мәлімдеді облыстық актив отырысында өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев.«ҚР Президенті өз Жолдауында 2020 жылға дейін 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен толықтай қамтамасыз ету міндетін қойды», - деді К. Көкірекбаев.Ол облыстың білім беру басқармасына, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктеріне білім беру нысандары бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындауды және басқа мақсатта пайдаланылып келген ғимараттарды қайтару бойынша бюджет қаражатын қарастыруды тапсырды.Облыстық білім беру басқармасының деректері бойынша бүгін өңірде 32 744-тен астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Соңғы үш жылда өңірде 71 балабақша, 132 шағын орталық ашылды, бұл ретте оларға 18 000 бала орналастырылды. 2013 жылы республикалық бюджет есебінен 9 балабақша пайдалануға берілді, сондай-ақ мемлекеттік жеке әріптестік негізінде тағы 7 балабақша ашылды, бұл ретте 1 790 бала мектепке дейінгі мекемеден орын алды.Бүгінде облыста 212 балабақша, 168 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі білім беру мекемесіне 39 599 бала орналастырылды. Балаларды бақшамен қамту 42 пайызды (елде - 48,4) құрап отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе