Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымдары 12 млрд теңгеге жетті

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңға енгізілген өзгерістер бірқатар міндеттерді шешуге бағытталған, деп .Еске сала кетсек, 5 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

«Қаржы орталығы» АҚ-ның түсіндіруінше, аталмыш заң әлеуметтік бағдары бар мақсатты - мемлекеттік қаржы құралы ретінде МБЖЖ-ны дамытудың заңнамалық негізін жетілдіруді ұсынады және мына міндеттерді шешуге бағытталған: 

1. Мемлекеттен 7% мөлшерінде көтермеленген сыйлықақыны алуға құқығы бар жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санын арттыру;

2. Барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында міндетті түрде филиалдарының болуы туралы талапты алып тастау арқылы МБЖЖ-ға қатысушы банктердің қатарын кеңейту;

3. Алдыңғы кезеңдер үшін мемлекет сыйлықақысын есептеу, сондай-ақ артық есептелген мемлекет сыйлықақысын қайтару мүмкіндігі;

4. Салымшының кез келген борыш түрлері бойынша мемлекеттік білім беру жинақтау салымына түскен мемлекет сыйлықақысын акцептісіз есептен шығаруды шектеу бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің нормаларын сәйкес келтіру.   

МБЖЖ халық арасында үлкен қызығушылық тудыруда. Салыстырмалы түрде алғанда, бұл қаржы құралының жаңадан ашылғанына және білім беру жинақтау салымдары тек 2013 жылдан ғана ашыла бастағандығына қарамастан қазіргі уақытта әрекет ететін салымдардың саны 16 мыңға жуықтап, олардың жалпы сомасы 12 млрд теңгеге жетті.

Нарықтық экономика жағдайында ақылы білім алудың жоғары және кәсіптік білім беру саласында алатын үлесі зор, ал бұл оқуға қаражат жинақтау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын өзектендіре түседі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе