К.Көкірекбаев Жамбыл ауданында жаңадан салынып жатқан мектеп құрылысымен танысты

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барды, деп хабарлады аймақ әкімінің баспасөз қызметінен.Жұмыс сапарының барысында ол әлеуметтік нысандарға, ауылшаруашылық және өзге де кәсіпорындарда болды.

Айша бибі ауылдық округінде аймақ басшысы Орталық Азия газ құбырындағы газ қысымын реттеу бойынша стансасындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Сондай-ақ, облыс басшысы Еңбек ауылында салынып жатқан 120 орынға арналған мектепке барды. Құрылыстың жалпы сметалық құны - 439,3 млн. теңгені құрайды. Жаңа мектеп өзіне қажетті барлық материалдық-техникалық базаны алады. Қыркүйек айында ауыл мектебі Еңбек ауылының кішкентай тұрғындары үшін есігін ашпақ.

Жұмыс сапарының қорытындылары бойынша облыс әкімі К.Көкірекбаев кеңес өткізіп, соның барысында аудан басшылығына нақты тапсырмаларын берді, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе