Қазақстанда жыл сайын 150 мектеп салынбақ

Қазақстанда жыл сайын жалпы білім беретін 150 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ОКҚ ұйымдастырған брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтты. «Қазақстанда жыл сайын 150 мектеп салынады, келесі жылы 50 мектептің құрылысына бюджеттен қаражат бөлініп отыр. Соның ішінде тек Оңтүстік Қазақстан облысында 20 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда», - деп хабарлады ол. 

Министрдің мәлімдеуінше, ірі мектептердің құрылысы республикалық бюджеттен, ал шағын мектептердің құрылысы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын болады. «Біз барлық облыстармен меморандумдар жасасып, бұл үрдісті біріздендірдік. Егер жергілікті бюджет қаржысы жетпей жатса, республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлгіземіз», - деді министр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе