Алматыда БҰҰ Қоршаған орта бойынша бағдарламасының (ЮНЕП) суб-аймақтық кеңсесі ашылды

- Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне, БҰҰ 70 жылдығына және Алматыда БҰҰ Қоршаған орта бойынша бағдарламасының (ЮНЕП) Орталық Азия бойынша суб-аймақтық кеңсесінің ашылуына байланысты дөңгелек үстел өтті. Оған БҰҰ ЮНЕП ұйымының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылық құрамы, Алматы қаласы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері қатысты.«Бүгінгі дөңгелек үстелдің басты мақсаты мен міндеті - қоғам назарын қоршаған ортаның мәселелеріне аудару және сол мәселелерді шешу жолдарын көрсету. Бүгін - Бүкіләлемдік қоршаған орта күні. Ол жыл сайын атап өтіледі. Биыл оның басты ұраны: «Жеті миллиард тілек. Бір ғаламшар. Ұқыпты пайдалан» деп аталады. Яғни, оның мағынасы - адамдарды табиғатты аялауға үйрету, пайдалы қазба байлықтарын ұқыпты пайдалануға шақыру», - деді өз сөзінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, география ғылымдарының докторы Виталий Сальников.

Сонымен қатар, бүгін дөңгелек үстел барысында  Алматыда БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП) Орталық Азия бойынша суб-аймақтық кеңсесінің ашылғандығы жарияланды. Бұл кеңсе енді алдағы уақытта Орталық Азия аймағында қоршаған ортаны қорғау5а және жақсартуға бағытталған игі шараларды жүзеге асыратын болады.

Бұдан өзге, дөңгелек үстел аясында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун мырзаның бүгінгі күнге байланысты қоршаған ортаны қорғауға арналған үндеуі оқылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе