Оқушылар арасындағы республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері «Үркер» төсбелгісімен марапатталды

АЛМАТЫ. 3 Алматы қашанда еліміздің білім мен ілімінің рухани көшбасшысы саналады.Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанған үздік оқушыларға «Үркер» төсбелгісін табыс ету рәсімінде осылай айтты.

«2009 жылдан бері рухани салада дарынды балаларды ерекше бағалау мақсатында «Үркер» арнайы төсбелгісімен марапаттау игі дәстүрге айналды.

Жыл өткен сайын Үркер үкілеген таланттардың қатары толығып келеді. Алғашқы жылы ол 78 оқушыға тапсырылған болса, бүгін оның саны 281-ге жетті. Биылғы «Мәдениет жылы» аясында өтіп жатқан осынау іс-шарада мерейі үстем болған оқушылардың жетістігі сүйікті қаламыздың да жетістігі деп білеміз», - деді А. Есімов. Қала әкімінің айтуынша, осындай жаңа заманға лайықты өмірдің әр саласында еңбек етуге әзір шәкірттер дайындау үшін мемлекетіміз барлық жағдайды жасап отыр. Ал оқушының жоғары нәтижеге жетуі, балаға тиянақты білім, жақсы тәлім-тәрбие берген ұстаздар мен ата-аналардың ортақ еңбегі. Елдің  сенім артқан зерделі ұрпағын өсіріп, тәрбиелеген ата-аналарға және білім шыңында жетістіктерге жеткізген  ұстаздар қауымына айтар алғыс шексіз.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе