ISAS-2012 аясында бірқатар елдердің ғалымдары Қазақстанда дәріс оқиды

АСТАНА. 28 28 мамыр мен 10 маусым аралығында Қазақ ұлттық аграралық университетінде ISAS-2012 халықаралық жазғы магистрлік мектеп ұйымдастырылады.ISAS-2012 Халықаралық жазғы магистрлік мектептің мақсаты - Қазақстандық білім мен ғылымды Еуропа кеңістігінде ықпалдасуға мүмкіндік беретін, Болон процесінің басты принципі - академиялық мобильділікті жүзеге асыру», - делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметтерінде.Жазғы мектеп шеңберінде «Су ресурстарын ықпалдастық басқару», «Орман ресурстары мен орман шаруашылығының заманауи басымдылықтары», «Агрохимия: азық-түлік және экологиялық қауіпсіздік мәселелері», «Ветеринария - биоқауіпсіздік мәселелерінде» білім беру бағдарламалары бойынша өзекті тақырыптар талқыланады.Халықаралық жазғы мектепте ҚазҰАУ-нің жетекші ғалымдары мен Франция, АҚШ, Польша, Чехия, Ресей, Беларусь университеттерінің шетелдік ғалымдары, сонымен қатар салалық ғылыми-зерттеу институттары мен өндіріс орындарының өкілдері дәрістер оқиды, шеберлік-тренингтер және өндіріс жағдайында тәжірибелік сабақтар өткізеді. Магистранттар диссертация және ғылыми мақала дайындау жөнінде ғалымдардан кеңес алады. Сонымен қатар халықаралық жазғы мектепте «Centre of Excellence» академиялық мобильділік модель орталығында дөңгелек үстел, «Time to study» лингвистикалық білім беру орталығында магистранттармен ашық сабақ өткізіледі.Халықаралық жазғы магистрлік мектеп - бұл магистранттарға кәсіби құзіреттілігін жоғарылатуға, тәжірибелік біліктілік алуға, сондай-ақ шетелдік ғалымдармен байланыс орнатуға берілген мүмкіндік.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе