Қызылордалық оқушылар ЭКСПО көрмесіне атсалыспақ

Жалағаш ауданындағы №202 мектепте «ЭКСПО-2017: Үздік инновациялық туындылар» тақырыбында көрме өтті. Онда ғылымға жаңалық енгізуге талпынып жүрген оқушылардың туындылары қойылды. Елдің болашағы саналатын өрендердің жұмысын облыс әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы барып көрді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен. Аудандағы №232 мектептің 11 сынып оқушысы Батыржан Қоныс күн көзінен қуат алатын көп салалы комбайынды өндіріске енгізгісі келеді. Жас өреннің талабы таудай. Бұл еңбегін түбегейлі зерттеп, мақсатына жетер болса, оның ауыл шаруашылық саласында көмегі көп. Жалпы, оқушылардың дені жұмысын баламалы қуат көзін іздеуге арнаған. 

Жалағаш өрендері ғылыми жұмысын дамыта отырып, екі жылдан соң өтететін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ұсынуды көздеп отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе