ҚР Бас прокуратурасы «Дінтану негіздері» пәнінің оқытылу тиімділігіне күмән келтірді

ҚР Бас прокуратурасы «Дінтану негіздері» мектеп курсының тиімділігіне күмән келтіруде. Қадағалау органында аталмыш пәнді оқытуды енгізуде Білім және ғылым министрлігі тарапынан жол берілген кемшіліктерді атап көрсетеді, делінген ведомство сайтында.«Бүгінде діни сауаттылықты арттырып, теріс ағымдардың ықпалынан азаматтарды оқшаулау бағытында мемлекет тарапынан түрлі шаралар жүзеге асырылуда.

Бұл жұмыстар қазіргі таңда, қазақстандық қоғамда діни радикализм көрініс беріп жатқанда үлкен маңызға ие. Соңғы кездер діни сенімдегі тұрғындар саны да артқан», - дейді Самат Нысанбаев Бас прокуратураның сайтында жарияланған мақаласында. Дін істері бойынша агенттіктің тапсырысы бойынша «Ашық қоғам» діни зерттеулер халықаралық институты» қоғамдық қоры 2013 жылдың соңында жүргізген сауалнамалар нәтижесі бойынша оған қатысқандардың 80% құдайға сенетіндіктерін білдірген.Орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес 9 сыныпқа арналған «Дінтану негіздері» курсы бойынша типтік оқу бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Бұл факультативтік курстың мақсаты - жастар бойында жалпыадамзаттық гуманистік және рухани құндылықтарды қалыптастыру, діни сауаттылықтарын арттыру, радикалды діни идеяларды қабылдамауға үндеу болып табылады. Бұл пәнге аптасына 1 академиялық сағаттан жылына 34 сағат бөлінген. «Білім беру ұйымдарында «Дінтану негіздері» курсының оқытылу мәселелерін реттейтін нормативті базаны зерделеу нәтижесі аталған курс бойынша Білім және ғылым министрлігі тарапынан осы пәнді оқыту сапасын қамтамасыз ету бойынша толыққанды шаралар қолға алынбаған деген қорытынды жасауға негіз болды. Атап айтқанда, бүгінде бұл пәннен білім беретін мұғалімдердің біліктілігіне қойылатын нақты талаптардың белгіленбеуі де соған дәлел», делінген мақалада.Бас прокуратурада атап өткендей, орта мектептердің әкімшілігі мұғалімдерді жұмысқа алғанда тек 2010 жылы Министрліктен келген нұсқаулық-әдістемелік хатты басшылыққа алады, онда курсты жүргізетін мұғалімнің міндетті түрде жоғары санатты болуы керектігі жазылған. Сондай-ақ оқытушылар 5 жылда бір рет тиісті қайта даярлау курстарынан өтіп, сәйкес сертификат алулары тиіс. Алайда еліміздің кей аймақтарында қайта даярлаудан өтпеген мұғалімдер дінтану пәнінен сабақ береді. Мәселен, Ақтөбе облысының 291 оқытушысында, Шығыс Қазақстан - 120, Павлодар - 55, Батыс Қазақстан облыстарындағы 16 мұғалімде тиісті сертификаттар жоқ.«Бұл курсты оқытуға арналған әдістемелік құралдардың жайы алаңдатады. «Дінтану негіздері» оқулығы 2011 жылы шыққанына қарамастан, кей тұстары елдегі діни қатынастар саласына сәйкес келмейді, алайда бұл оқулық әлі күнге дейін пайдаланылып келеді», - деп жазады Самат Нысанбаев.Осылайша, оқулықта «Діни сенім еркіндігі мен діни бірлестіктер туралы» Заңға сілтеме жасалған, бірақ ол «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданған соң күшін жойған. Соңғы уақытта бұрыс әрекеттері кең тарап кеткен теріс діни ағымдар туралы айтылатын ақпараттар көлемі де аз.Оқулық мазмұны «Дінтану негіздері» курсы бойынша типтік оқу бағдарламасына да сәйкес келмейді. Оқулықта діни экстремизм мен терроризмнің әлемде таралу тарихынан, оларға қарсы тұру тәсілдерінен т.б. хабардар ететін тақырыптық бөлім жоқ. Елдің басты қадағалау органы атап көрсеткендей, көптеген орта мектептер оқулықтармен қамтамасыз етілмеген. Мысалы, Жамбыл облысы мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары тек 57,7%, ал Ақтөбе облысының мектептерінің оқушылары 65% ғана оқулықтармен қамтамасыз етілген.«Жоғарыда атап өтілген жағдайларға байланысты аталмыш оқу курсының жастардың діни сауаттылығының арттыратын тиімді механизм ретінде қолданылуы, олардың арасында радикалды діни идеологияның таралмауының алдын алуы екіталай», - деп түйіндеді Бас прокуратура Департаментінің бөлім прокуроры.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе