ҚХР Ғылым және техника министрі бастаған Қытай делегациясы Астанадағы ҚазАТУ-да болды

АСТАНА. 10 Бүгін ҚХР Ғылым және техника министрі Вань Ган бастаған қытайлық делегация Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде болды.«Бұл осынау жоғары деңгейдегі делегацияның алғаш келуі. Вань Ган мырза машина жасау саласындағы беделді сарапшы ретінде әлемге танымал. Оның университетке келуі біз үшін үлкен оқиға, себебі біз қазақстандық-қытайлық қарым-қатынастардың іс жүзіндегі жобалармен таныстырып, келешек ғылыми бастамаларды талқылауға мүмкіндік алдық», - дейді ҚазАТУ проректоры Сергей Могильный.

Оның айтуынша, ҚазАТУ Қытай тарапымен көп жылдардан бері әріптес. 2010 жылдан бері университетте Қазақстан-Қытай ғылым және білім орталығы жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта ҚазАТУ-да қытай тілінің курстары ашылған. Онда жалпы 400 адам, соның ішінде университеттің 70-ке жуық магистранты тіл үйренді.

«Екіжақты келісім негізінде 12 студент ҚХР-да тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар ветеринария, агроинженерия, ауыл шаруашылығы экономикасы салалары бойынша 30 оқытушы Қытайда тәжірибелік тағылымдамада болып қайтты. Өз кезегінде Қазақстанда 18 қытайлық оқытушы тәжірибелерін шыңдады. Келешекте әлеуетті бағыттардың бірі ретінде біз Қытай тарапымен биотехнологиялар саласында бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізуді мақсат етіп отырмыз. Меніңше, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің қол жеткізген келісімдерінің арқасында біздің елдер арасындағы ықпалдастықты одан да жоғары деңгейге көтереді», - деп атап өтті С.Могильный.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе