Павлодардағы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін үйдегі дистанциялық оқыту қолжетімді болады

ПАВЛОДАР. 21 Биылғы жылы Павлодарда мүмкіндігі шектеулі тағы 27 баланы үйдегі дистанциялық оқытумен қамтамасыз етеді.«Балалардың үйлерінде мамандандырылған жабдықтар орнатылады. Өткен жылы үйде оқытылып жатқан 24 мүгедек бала компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз ету және қажетті құралдарды алды», - деп атап өтті қаланың білім беру бөлімінің бастығы Сәбира Сейітова.

Облыс орталығының оқу орындары мен әрбір мектепалды мекемеде жақсы жабдықталған логопед пункттері ашлған. Қалада көруі нашарлаған және дамуы кешігіп отырған балалар үшін екі мамандандырылған балабақша қызмет етуде.

Павлодардағы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жұмыс орындарын жабдықтауға барлығы 116 компьютер мен электрондық оқулықтардың 956 данасы бөлінген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе