Ташкентте қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пәндік олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. 13 Өзбекстан астанасында «қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолдау» тақырыбымен жыл сайынғы пәндік олимпиада өтті.Білім сайысын еліміздің Өзбекстандағы елшілігінің қолдауымен Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің қазақ филологиясы кафедрасы ұйымдастырды.

Аталған кафедраның меңгерушісі Ергеш Әбдувалитовтің айтуынша, олимпиадаға алты студент пен олардың ғылыми жетекшілері қатысқан. Сайыс нәтижесінде бірінші орынды Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық университеттің студенті Әсет Абдуллаев еншілесе, екінші орын Әжіниия атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Айгүл Бөрібаеваға, ал үшінші орын Гүлістан мемлекеттік университетінің студенті Зебогүл Сахбаеваға бұйырды.

Ұйымдастырушылар мен Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі атынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе