ШҚО-да екі жылда 71 білім беру нысаны қолданысқа берілді

2012-2014 жылдар аралығында 71 білім беру нысаны қолданысқа берілді. Бұл туралы бүгін ШҚО білім беру басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев коллегия отырысында айтты, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығынан.Асқар Нұрғазиев екі жылда құрылысқа 25 млрд теңге, соның ішінде 2014 жылы  11,2 млрд теңге бағытталғанын атап өтті.

«Осылайша, 2012-2014 жылдар аралығында ШҚО-да 43 мектеп, 9 балабақша, 8 жанама ғимарат пен 10 қалпына келтірілген мекеме қолданысқа берілді», - деді ведомство басшысы.

Коллегияда ҰБТ бойынша аймақ жетістігі жарияланды. «2014 жылы облыс Республикалық рейтингте  13 орыннан 8 орынға көтерілді. Орташа ұпайдың өсімі 5,64 ұпайды құрап, 78,04-ке жетті. Өңірдің 6 мектебі «Республиканың 100 мектебі» рейтингіне енді», - деді А.Нұрғазиев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе