Алматыда ғылыми инновациялық жобаларға арналған республикалық семинар өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 24   Алматыда «Білімдегі және өндірістегі, ғылымдағы тиімділік интеграциясы» атты тақырыпта республикалық семинар өтіп жатыр.Аталмыш семинарға «Қазагро ҰХБ», "ҚазАгроИнновация" «ҚазАгроМаркетинг» АҚ-ның, ҚР Ұлттық ғылым академиясының және ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Роман Ким мен Егор Каппель қатысуда.

Семинардың басты мақсаты  - кәсіпкерлермен бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді,  ғалымдар арасындағы өзара бәсекелестік пен  әріптестікті дамыту, білім мен инновациядағы жобаларды, интеграция тетіктерін жолға қоюдағы мәселелерді шешудің нақты жолдарын бекітетін міндеттерді анықтау.

Семинар жұмысы инновациялық жобалар мен ғалымдардың өндіріске енгізген жаңалықтарының тұсаукесер рәсімімен басталды. 

"Бүгінгі көрмеде көрген тың ғылыми жаңалықтар ойлап-күткенімізден асып түсті. Осыған қарап, көп жұмыстар атқарылып жатыр, ғылым алға жылжуда деп айтуға болады. Бірақ өкінішке қарай, біз бұл инновациялық жобалар мен ғалымдардың жаңалықтарын өндірістік орындарда көп көре бермейміз.  Сондықтан бүгінгі кездесу мен көрме өндірісшілер мен ғалымдар арасындағы тиімді ықпалдастықты дамытуға өте пайдалы болары сөзсіз",-деді көрменің тұсаукесер рәсімінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Роман Ким. 

Семинар барысында шараға қатынасушылар арқылы білімдегі, өндірістегі және ғылымдағы тиімді ықпалдасудың  стратегиясы жасалып, аграрлық ғылыми өндірістегі және халықаралық білім-ғылым консорциумы төңерегіндегі өзекті мәселелер талқыланбақ.

 Шара барысында сондай-ақ, семинарға қатысушыларға Қазақ-Жапон инновациялық орталығы мен «Center of ExceIIence» модельдік орталығы таныстырылды. Қонақтар сонымен қатар, «ҚазҰАУ: инновация білім мен ғылымда» атты көрмесін, университеттің мұражайы мен телестудиясын көреді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе