Ақмола облысы бойынша ҰБТ-ның орташа балы 70,32-ні құрады

АСТАНА. 10 Ақмола облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Оған 3345 оқушы немесе барлық мектеп түлектерінің 72,3 пайызы қатысты, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.

Аймақ бойынша орташа балл 70,32-ні құрады. ЖОО-ға түсу үшін шекті деңгейден 1336 оқушы өте алмады, бұл ҰБТ тапсырғандардың 39,9 пайызын құрайды.

Ең жоғары нәтиже 123 балды облыс орталығының 2 түлегі жинады. Олар: №5 «таңдау» көпбейінді гимназияның түлегі Дидар Жолдасбаев пен Қазақ лицейінің түлегі Әділ Ысмағұлов.  Үздік аттестатқа 90 оқушы үміткер болса, соның тек 21-і ғана өз білімін дәлелдей алды.

«Педагогтардың атап өтуінше, толықтай алғанда облыста тестілеудің барлық ережелері толығымен орындалды. Өрескел бұзушылықтар немесе ҰБТ нәтижелерін жою деректері орын алған жоқ», - делінген хабарламада.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе