Алматыда жаңа тариxи альбомның тұсауы кесілді

Алматыда «Тарих - тамырың, болашаққа тағылым» жаңа тариxи альбомының тұсауы кесілді, деп тілшісі.

Көпсериялы альбом-кітап Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыстық жазбалар архивінің 75 жылдығына арнайы шығарылып отыр.

Тариxи альбомда революцияға дейінгі кезеңнен сыр шертетін сирек суреттер назарға ұсынылды. Алдағы уақытта кітапты тарихи кезеңдерге бөліп шығару көзделген.

Сондай-ақ, мұрағатты сандық жүйеге көшіру қарқынды қолға алынып отыр. Архивте кеңес заманында түсірілген «Востоккино» және «Межрабпром» студиялары түсірген киноқорлар да бар. Мұндай жәдігерлер енді  көрерменге электронды нұсқада қолжетімді болмақ.

«Негізгі мақсат - жаңа замандағы архив қызметіндегі мәселелерді айқындау, жетекші орнын белгілеу, сонымен бірге осы сала бойынша әлемдік тәжірибеге зер салу. Қазіргі заманғы архивтердің сандық жүйесін құру, жұмыс істеудің инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу архив саласы қызметкерлерінің кәсіптік құзыреттілігіне жоғарғы талаптар қоюда», - деді «Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві» РММ директоры Тасқын Тойбаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе