Маңғыстаудың жерасты термалды сулары бұл - энергияның баламалы көздері - ақтаулық ғалымдар

АҚТАУ. 23 Маңғыстаудың жерасты термалды сулары бұл - энергияның баламалы көздері.Бұл туралы «EXPO 2017 -  Өңірлік бастамалар» форумында Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің ғалымдары айтты. 

«Жаңғырмалы баламалы энергия көздеріне термалды суларды да жатқызуға болады. Қазақстан оның қорына аса бай. Олар республиканың 70 пайыз аумағында орналасқан және Ертіс маңында, Зайсан, Іле, Шу, Сырдария жанында, Каспий ойпатының жанында, Торғай және Оңтүстік Маңғыстау жерлерінде артезианды бассейндерімен толыққан. Геотермалдық ресурстар әлемнің 80 елінде барлаудан өтті, олардың белсенді қолданылуы 58 мемлекетте жүргізілуде. Оларды жылу энергетикасында, медицина мен ауыл шаруашылығында қолдануға болады. Сонымен қатар Маңғыстау және Атырау облыстарының жерасты сулары айтарлықтай қызығушылық тудыруда», - деді форумда Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті энергетика кафедарасының меңгерушісі Қазыбек Тергемес.

Баяндамашының сөзіне қарағанда, Маңғыстау артезианды суларындағы 10 кен орнының екеуі минералды сулардың кеніші болып табылады. Олардың біреуі (Солтүстік Ақтау) суаруға, қалғандары сумен жабдықтауға арналған. Қ. Тергеместің айтуынша, геотермалды суларды Маңғыстауда жайылымдарды сумен қамтамасыз ету үшін қолдануға болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе