Қазақстан Үрімжідегі «Silk Road Culture Night» кешіне қатысты

Қытай ғылым академиясының жанындағы Шыңжаң экология және география институтының 16 қазақстандық докторанты мен магистранты «Silk Road Culture Night» кешіне қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Олар Қазақстанның мәдениетін, тарихын, географиясын және туристік әлеуетін таныстырды. Кеш қонақтарына қазақтың домбырасынан туған тамылжыған күйлер, халқымыздың ұлттық киімдері, ет, бауырсақ, қымыз, шұбат секілді тағамдары тартылды.

Шара ұйымдастырушыларының бірі Цяо Цзяньфан Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының қарқынмен дамып келе жатқанын, әсіресе Қазақстан Республикасы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың жаңа сатыға көтерілгенін тілге тиек етті. 

«2016 жылы біздің институт Қазақстаннан келген студенттер үшін рекордтық мөлшердегі гранттарды бөлді. Институтымыздағы қазақстандық жастардың саны жылдан-жылға арта береді деп үміттенемін», - деді ол.

Шараға Қазақстаннан тыс, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Германия, Үндістан, Пәкістан, Мысыр, Руанда, Эфиопия және Нигериядан ұзын саны 100-ден астам адам қатысты.

Ұйымдастырушылар «Silk Road Culture Night» кешін жыл сайын өткізуге бел буып отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе