Астанада биыл 9 мектеп қолданысқа беріледі

Ішкі көші-қон салдарынан Астанада екі жыл бұрын пайда болған үш ауысымдық білім беруді жою туралы Елбасының тапсырмасына байланысты елордада жалпы білім беру мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі шешілуде.Бұл туралы Астана қалалық әкімдігі баспасөз орталығынан хабарлайды.

Бұл мәселені шешу үшін 2013 жылы Астанада 3 орта мектеп іске қосылды, биыл 9 мектеп тапсыру көзделген.

Нәтижесінде 3 ауысымды бір мектеп қалады. Бұл мәселе келесі жылы 3 жаңа мектеп тапсырылғаннан кейін шешіледі.

Атап өту керек, бұған шетелдік инвестициялар тартылды. Мемлекетаралық келісімдерге сәйкес мектеп құрылысы үшін БАӘ мен Катар мемлекеттерінің үкіметтерінен жер бөлінді. Бүгінде бұл объектілердің ТЭН-і дайындалуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе