Елордада жатақханада қалған колледж студенттеріне көмек көрсетілді

Төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтан қаласында колледжде оқитын 50 шақты студентке көмек көрсетілді. Бұл Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Олар карантин кезінде колледж жатақханасында қалып, қашықтан оқуын жалғастыруда. Аталмыш көмек студенттерді қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін флеш карта, роутер, азық-түлік түрінде көрсетілді», - делінген баспасөз хабарламасында. Ақылы оқитын 1000-нан астам студент оқу ақысын төлей амайтындығын хабарлаған. «Студенттер мемлекеттік стипендияларын ай сайын алып отыр. Оларға оқу ақысы тамыз айына дейін шегерілді», - делінген хабарламада.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе