Қытай студенттеріне ҚР Тұңғыш Президенті туралы айтылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай, Бейжің шет тілдер университеті жанындағы «Қазақстан орталығында»  «Тәуелсіздік шежіресі: Елбасы - ел тұтқасы» ашық сабағы өтті, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.Шараны Қытайдағы ҚР Елшігінің қолдауымен  «Қазақстан орталығы» белсенділері ұйымдастырды. Оған қазақстандық магистранттар, докторанттар, Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының (KSAC) Бейжің бөлімінің өкілдері, ҚХР-дағы қазақ диаспорасы және Бейжің шет тілдер университетінде оқитын 14 қытайлық студент қатысты. Қатысушыларға «Тығырықтан жол тапқан» фильмінен үзінділер, Астананың видео және фотослайдтары көрсетіліп, домбырамен күй тартылды, сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін (1 желтоқсан) тойлаудың маңызы мен Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығын нығайтудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі туралы жан-жақты айтылды.

«Шара қытайлық студенттерді еліміздің тәуелсіздік тарихымен және Қазақстан Президентін тұлға ретінде таныстыру мақсатында өтті. Ендігі жоспар - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бөлек семинар өткізу», - қа берген сұхбатында ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің білім беру бойынша кеңесшісі Қайрат Әбдірахманов.

Еске сала кетсек, Бейжің шет тілдер университеті жанындағы «Қазақстан орталығы» ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің бастамасымен құрылған. 2015 жылы 13 желтоқсанда болған орталықтың ресми ашылу рәсіміне сол кездегі ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен аталған ЖОО ректоры Пэн Лун қатысты. Қазіргі уақытта орталықта 90-ға жуық қытайлық студент оқиды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе