Көкшетауда бір күнде «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасылардағы балаларға 1 млн теңгенің сертификаттары тапсырылды

Көкшетауда «Бақытты балалық» жобасы аясында қолға алынған «Мектепке жол» акциясы барысында әр деңгейдегі депутаттар 1 күнде 49 балаға 1 миллион теңгенің көлемінде арнайы сертификаттар тапсырды.Шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ж.Ерғалиев, Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихат депутаттары қатысып, әрқайсысы аз қамтылған отбасылардағы мектепке баратын балаларға өз қаржылары есебінен нақтылы көмек көрсетті.

Сенатор Ж.Ерғалиевтің қаржылай сертификаты Көкшетау қаласындағы №21 орта мектебінде оқитын қыз балаға берілді.

«Бүгінгі күні біздің әрқайсымыздың өз айналамыздағыларға қайырымды да мейірімді болуымыздың қажеттілігін айтып та, соның тамаша үлгісін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жеке өнегесімен көрсетіп те келеді. «Нұр Отанның» мектепке баратын балаларға қамқорлық жасау жөніндегі бұл бастамасының тұтас ел бойынша кеңінен қолдау табарына сенімдімін. Өйткені, баланы қуанту, балаға жақсылық жасау сауапты істердің бірі ғой», дейді сенатор.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе