Елбасының атына химиядан мектеп оқушыларының Халықаралық Менделеев олимпиадасының президенті, Ресей ҒА академигі В. Луниннен хат келіп түсті

АСТАНА. 27  сәМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына химиядан мектеп оқушыларының Халықаралық Менделеев олимпиадасының президенті, Ресей Ғылым академиясының  академигі В.В. Луниннен хат келіп түсті.Хатта Қазақстанның елордасында өткен мектеп оқушыларының химиядан 46-ншы Халықаралық Менделеев олимпиадасы зор табыспен аяқталғаны айтылған.   

Қазақстандық оқушылардың жоғары жетістіктеріне тоқтала келе, хат иесі химиядан мектеп оқушыларының Халықаралық Менделеев олимпиадасының екінші рет өткізілуі заманауи химия ғылымының дамуына қазақстандық ғалымдардың тұтас буынының қосқан үлесінің мойындалуы, сонымен қатар Қазақстан жастарының халықаралық пән олимпиадаларында қол жеткізген нәтижелерінің жоғары бағалануы екенін атап айтады.

«Мені Сіздің бастамаңызбен білім мен ғылым саласында өткен жыл ішінде қаншалықты түбірлі өзгерістер жасалғаны қайран қалдырды. Бұл Қазақстан үшін әлемдік ғылыми прогресс бағытында мүлдем жаңа жол ашып отыр», - дейді В.Лунин.

Сөзінің соңында хат авторы елорданың сәулетінен алған өз әсерімен бөлісті және Мемлекет басшысына мектеп оқушыларының олимпиадалық қозғалысы мен бұл саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға зор қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе