2014 жылы еліміздің барлық өңірінде 50 орта мектептің құрылысы басталады - А. Сәрінжіпов

АСТАНА. 13 ҚР Білім және ғылым министрлігі алдағы жылы еліміздің барлық өңірінде 50 орта мектептің құрылысын бастауды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстанда білім және ғылым саласын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттары бойынша өткен ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.«Біздің ұсыныс қолдау тапқан жағдайда, алдағы жылғы бюджетте барлық өңірілерінде 50 мектептің құрылысын бастау жоспарланған. Біз бұл жұмысты жүргізе отырып, құрылыстың сапасы мен уақытыл мерзімін бақылаймыз», - деді министр. Мұнымен қоса, аталған ведомство оқытудың мазмұнын жаңартуды жаспарлап отыр. Сонымен қатар министрлік мектептердің кадрлық әлеуетін күшейтуге, оларды басқару жүйесін жетілдіруге, ауылдық жерлердегі мектеп инфрақұрылымын жаңғыртуға білек сыбана кіріспек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе