Жас ұландар Дариға Назарбаеваға білімдарлығын паш етті

ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Сенат депутаттары Алматы қаласына жасаған жұмыс сапарларының аясында Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебіне барды, деп .Мектеп оқушылары Дариға Назарбаеваға мемлекеттік тіл мен шет тілдерін пайдалана отырып, терең білімдерін танытты. Депутаттар мектептің жағдайымен, оқушылар тұрып жатқан жатақхананың жағдайымен танысты.

«Балалардың талабын айта кету керек, жоғары сыныпта оқитын балалар ақыл тоқтатып, тіпті, ересек өмірге дайын екендерін көрсетті. Осы мектепте жақсы білім алып, денелерін шынықтырып жүр. Мектепті тәмамдаған соң әскери оқу орнында оқуға дайын», - деді депутат М.Алтынбаев.

«Жас ұлан» мектебінің оқушылары комитет төрағасы Дариға Назарбаеваға гүл шоқтарын сыйлап, музыкалық аспаптарды да меңгергендерін көрсеткен.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе