«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы: 1000-нан аса отбасыға көмек көрсетілді - Қызылорда облысы

Қызылорда облысында «Мектепке жол»  акциясы барысында мемлекеттік мекемелер тарапы - 1250, бизнес құрылымдары - 896, үкіметтік емес ұйымдар - 1005 отбасыға көмек көрсетті.«Мектепке жол» акциясы бойынша қазіргі таңда білім беру мекемелерінен - 75, ішкі істер органдарынан - 62, халықты әлеуметтік қорғау саласы өкілдерінен - 5, ҮЕҰ өкілдерінен - 5, ата-аналар қауымынан - 36, жергілікті БАҚ өкілдерінен - 5 адам қатысып, 191 рейдтік іс-шара жүргізілді.

Үстіміздегі жылдың 24 тамызы күні білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінің өткізілуіне санаулы сағаттар бұрын «Назарбаев зияткерлік мектебінде» 1-сыныпқа баратын аз қамтылған отбасылардағы 20  баланы «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы шеңберінде құттықтау мақсатында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қабылдауы ұйымдастырылады.

Биылғы жылы мемлекеттік мекеме қызметкерлері тарапынан жаңа құптарлық бастама бастау алды, яғни «Сыр Мейірімі» қайырымдылық қорына мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 1 күндік жалақылары аударылып, 1 сыныпқа баратын 1000 балаға көмек көрсетіледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе