Еліміздегі оқушылардың барлығын АҚШ тәжірибесі бойынша мектеп автобустарымен қамтамасыз ету қажет - сенатор

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова еліміздегі мектеп оқушыларының барлығын АҚШ тәжірибесі бойынша мектеп автобустарымен қамтамасыз етуді ұсынды.«Біз еліміздегі барлық оқушыларды, қыз бала болсын, ұл бала болсын, мектепке дейін қауіпсіз жету үшін оларды көлікпен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл тек ата-аналардың ғана иығына артылатын жүк емес», - деп атап өтті ол сенатор «Дүниежүзілік қыз балалар күніне» арналған дөңгелек үстел барасында.

«Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде мектеп оқушыларын сары автобустармен тасымалдайды. Мәселен, АҚШ-та, Израильде мұндай тәжірибе бұрыннан бар. Біздің елде де осындай жұмыстар атқарылуы қажет», - деді Б. Әйтімова.

Айта кетейік, Дүниежүзілік қыз балалар күні 2012 жылы БҰҰ бастамасымен 11 қазанға белгіленген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе