Елордалық ТЖД диспетчерлері ағылшын тілін үйренді

АСТАНА. 17 Астана қаласының өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің диспетчерлері ағылшын тілін белсенді меңгеруде. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.«Астанада «ҚазЭкспо-2017» халықаралық іс шарасын өткізу барысында шетел азаматтары көптеп келеді деп күтілуде, өртке қарсы қызмет диспетчерлері оларды еркін түсініп, ортақ тіл таба білуі тіис», - делінген ақпаратта. Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі ҚР Президентінің «Тілдің үштұғырлығы» бағдарламасын жүзеге асыруға шешім қабылдады. 17 маусымнан бастап әрқайсысы 10 адамнан тұратын 2 диспетчерлік топ негізгі жұмыс орындарында ағылшын тілін меңгерді. Оқу барысында шетелдік қонақтардан ТЖ туралы әртүрлі қоңыраулар қабылдау бойынша диалогтар жүргізілді, ағылшын тілін меңгеру бойынша 60 сағаттық курс өткізілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе