ТМД елдерінің азаматтары үшін Ресейдің СІМ дипакадемиясында біліктілікті арттыру курстары ашылуы мүмкін

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 15 ТМД Парламентаралық ассамблеясының төрайымы, РФ Федерация Кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко Ресейдің СІМ дипломатиялық академиясында ТМД елдерінің азаматтары үшін жүйелі түрде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды ұсынды.Посткеңестік кеңістікте интеграциялық процестердің белсенді жүргізіліп жатқанын ескере отырып, ол мамандарды даярлау бойынша ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру, тереңдету қажет екендігін атап өтті. Бұл туралы саясаткер Академияның қамқорлық кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлады ФК баспасөз қызметінен.«Кедендік одақ айналымын күшейтіп, Еуразиялық экономикалық одақ құру қолға алынған кезде біздің елдердің үйлестіру және дипломатиялық қызметтерін жетілдіре түсу сөзсіз міндеттердің бірі болып саналады», - деп мәлімдеді ол.Ректор Евгений Бажанов ФК төрайымының ТМД елдерінің өкілдерін біліктілікті арттыру бойынша жалпы білім беру бағдарламасына қатысуға тарту идеясын қолдады. Сондай-ақ бұған Қазақстан, Тәжікстан және Беларусь елдері қатысуға дайын екенін жеткізді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе