Алматыда тұңғыш рет тәулік бойы жұмыс жасайтын балабақша ашылды

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов қалада салынып жатқан білім беру нысандарын аралап көрді. Шаһар басшысы биыл пайдалануға берілген  «Жас Қанат» ықшам ауданындағы мектеп пен «Саялы» ықшам ауданындағы тәулік бойы жұмыс жасайтын балабақшада болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.Қала әкімі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қалада балаларды мектеп жасына дейінгі біліммен қамтамасыз етуге айрықша назар аударылып келе жатқандығын айтты.

Жаңа балабақша бір уақытта 320 баланы қабылдай алады. Мұнда кіші, орта, ересек және дайындық топтары дәріс алады. Ал, жалпы білім беретін мектеп 1200 орынды, ол бүгінгі заманға лайық компьютерлік сыныптармен, спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Қалада мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің тапшылығын шешу мақсатында Алатау ауданының аумағында соңғы 5 жыл ішінде 1680 орынға арналған 6 жаңа балабақша ашылды.

Алматыда соңғы бес жыл ішінде ғана 25 жаңа балабақша ашылып, жалға алушылар меншігінде болған мектеп жасына дейінгі 7 нысан қайтарылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе