Бас мүфти исламтанушы түлектерді қызметке бөлді

АСТАНА. 22 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін «Исламтану» мамандығы бойынша 2013 жылы бітіретін студенттерді қызметке бөлді.Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Биыл осы университетті 48 шәкірт бітіреді. Бас мүфти түлектерді жеке-жеке қабылдап, болашақ имамдардың, мешіт ұстаздарының жоспарларымен танысып, ой-пікірлерін тыңдады. Оқуын жалғастыру мақсатында магистратураға түссем деген ниет білдіргендерге де ақ жол тіледі. 

«Сіздер екі дүниеде де жауапкершілігі мол мамандықты таңдадыңыздар. Дінге, халыққа қызмет етуден асқан абырой жоқ. Алла тағала сүйген құлдарын діннің жанашыры етіп қояды. «Мен асыл дінім Исламды қайтіп халықтың жүрегіне жеткізем, мемлекетімнің рухани дамуына қандай үлесімді қосамын?» - деген сауалдар әрдайым саналарыңызды мазалап тұруы тиіс. Құрметті шәкірттер, халқымыздың сауатын ашуға тікелей біз жауаптымыз. Сондықтан елдің, Елбасының сенімін ақтап, дін жолында табандылық танытып, қажымай қызмет етуіміз керек», - деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти түлектерге сәттілік тілеп, дұға жасады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе