Ұлыбританияда шетелдік студенттер үшін визалық талаптарды жеңілдету ұсынылды

Ұлыбритания университеттері шетелдік студенттердің оқуды аяқтағаннан кейін екі жыл бойы қалып, жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін визалық жүйеге өзгерістер енгізуге шақырды. Бұл туралы қазіргі таңда Англияның Шеффилд қаласында өтіп жатқан Ұлыбритания университеттерінің жыл сайынғы конференциясында айтылды, деп тың меншікті тілшісі. 

Британия үкіметі 2012 жылы ЕО құрамына кірмейтін елдердің студенттеріне оқу аяқталғаннан кейін елде қалып жұмыс істеу үшін виза беруден бас тартқан еді. Университет қауымдастығының пайымдауынша, бұл ереже елдің әлеуетті үміткерлерді таңдауына кедергі келтіруде.

2011 жылдан бастап студенттік виза енгізген Аустралия, Канада және АҚШ-тағы жоғары оқу орындарына шетелдіктер тарапынан сұраныс артқаны атап өтілді. Ал, Ұлыбританияда тіркелген студенттердің жалпы саны сол деңгейде қалып қойған.

АҚШ пен Канада шетелдік түлектерге университет тәмамдағаннан кейін үш жылға дейін, ал Аустралия - төрт жылға дейін қалып, жұмыс істеулеріне мүмкіндік жасап отыр.

Университеттердің айтуынша, Ұлыбритания шетелдік студенттерге білім ошақтарын бітіргеннен кейін екі жылға дейін қалып, жұмыс істеуге рұқсат беру арқылы оқу үшін тартымды орын болмақ. Ал, бұл басқа да танымал бағыттарда бәсекелесуге мүмкіндік береді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе