АҚШ-та оқытылатын сержанттар құрамының саны 50 пайызға ұлғайтылды - ҚР ҚМ

ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы базасында ҚР ҚК-нің жоғары сержанттар құрамының АҚШ ҚК (ARCENT) Орталық қолбасшылығының командалық сержант-майоры Ронни Келлимен, сондай-ақ оның ізбасары сержант-майор Джеймс Боудеккермен кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлады

«Бүгінгі таңда сержанттар құрамының білім беру жүйесі сәтті түрде іске қосылды. Жауынгерлік және дене даярлығы нұсқаушылары тәрізді сержанттарға да жеке құрамды жеке оқыту және тәрбие берудің барлық үдерісі жүктелген.  ҚР ҚК-нің сержанттар құрамын АҚШ-та оқыту үшін курстың тізбесі мен саны шамамен 50 пайызға ұлғайтылды. Өткен жазда біз алғаш рет бірлесіп Кадет корпусында нұсқаушы сержанттарды даярлау жөніндегі пилоттық курсты өткіздік. Аталмыш курста 36 сержант оқытылды. Алдағы жазда біз өз күшімізбен баламалы курсты өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді шебер-сержант Темірбек Халықов.  

2014 жылдан бастап халықаралық ынтымақтастық тапсырмаларының түрлері ұлғайғаны байқалады. Сонымен, АҚШ ҚК ӘӘК, ӘТК, ӘШҚҚ және әскери полициясы сержанттар құрамының қызметін зерделеу, әскери қызметтің қауіпсіздігін, жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушы сержанттардың даярлығын  ұйымдастыру, біліктілікті арттыру жүйесін жаңғырту жөнінде екіжақты іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ кездесуде екі елдің әскери қызметшілері өткен жылдардағы екіжақты әскери ынтымақтастық тұрғысындағы жетістіктер мен екі елдің сержанттар жүйесін дамыту мәселелеріндегі әрі қарайғы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе