Алматыда мұнай-газ индустриясының инновациялық даму мәселелері талқылануда

АЛМАТЫ. 23 Қазақстанның мұнай-газ саласында  әлі білікті мамандар тапшы.Бұл туралы бүгін Алматыда «Мұнай-газ индустриясының инновациялық даму мәселелері» тақырыбымен өтіп жатқан 4-інші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

BEng MBA MIET операциялық директоры, Еуропа елдері, Ресей және Каспий техникалық жобаларының жетекшісі Джефф МакДональдтың айтуынша, мұнай-газ саласын білікті  мамандармен қамтамасыз ету  мәселесі әлі өз шешімін тапқан жоқ. Бұл үрдіске білім беру саласы ілесе алмауда. Сондықтан «Мұнай-газ секторындағы әлеуметтік-экономикалық және мамандар даярлау мәселелері» деп аталатын секцияның «Мұнай-газ секторына мамандар даярлау мәселелері» тақырыбындағы бөлімінде ол жан-жақты талқыланбақ.  

Екі күнге жалғасатын іс-шараны  ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қазақ-Британ техникалық университеті ұйымдастырды. Конференция жұмысы - «Мұнайды барлау, бұрғылау және тасымалдаудың техникасы мен технологиялары», «Көмірсутек пен минералдық шикізатын өңдеудің технологиялары және мұнай-газ секторындағы  экологиялық мәселелері», «Мұнай-газ секторындағы математикалық үлгілеу және ақпараттық технологиялар» деп аталатын 4 секция бойынша жүрмек
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе