Павлодар облысында 10237 оқушыға 32684,8 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді

Павлодар облысында республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында 10237 оқушыға жалпы сомасы 32684,8 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде 4635 оқушыға демеушілер 13717,3 мың теңге бөлген. Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, шараға өңірдегі ірі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары, білім беру орындары және басқа да мекеме-ұйымдар белсенді атсалысқан. - Мектеп жасындағы қараусыз және қадағалаусыз қалған, біліммен қамтылмаған оқушылардың мектепке келмеу себебін анықтау және есепке алу мақсатында 6220 рейд ұйымдастырылып, 1000-ға жуық отбасы тексерілді. Ауыр сырқатқа шалдыққан жеткіншек Әсем Ахметжановаға қайырымдылық концерттен түскен 500 мың теңге табысталды, - дейді басқарманың маманы Балжан Әділханова. Еске сала кетейік, 2016 жылы 10 қаңтар -10 ақпан аралығында ұйымдастырылған республикалық акция аясында 10 мыңға жуық балаға 27 млн теңгеге көмек көрсету жоспарланған болатын, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе