Б.Жұмағұлов Қарағанды облысының кәсіпорындарындағы кадрларды даярлаудың дуалды жүйесімен танысты

АСТАНА. 6 сәҚарағанды облысына жұмыс сапары барысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Теміртау политехникалық колледжінде өткен «Дуалды жүйе: енгізу тәжірибесі мен келешегі» атты  көрмеде болды.Бұл туралы ҚР Премьерінің pm.kz. сайтында хабарланды.

Б.Жұмағұлов сондай-ақ колледждің оқу сыныптарын аралады, кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау барысымен және колледж базасында «Лидос LTD» ЖШС шығаратын жоғары технологиялық интерактивті оқу жабдықтарының өндірісімен танысты.

Сондай-ақ министр  ҚР Тұңғыш Президентінің Тарихи-мәдени орталығында және «Машиналар мен өнеркәсіптік жабдықтарды эксплуатациялау» мамандығы бойынша өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан политехникалық колледж студенттерімен кездесу өткен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның кәсіпорнында болды.

Қарағандыда Б.Жұмағұлов 5 мамандық бойынша 450-ден астам студент білім алып жатқан №5 кәсіптік лицейде болды.

Министр жұмыс сапарының аясында, сондай-ақ «Имсталькон» АҚ-ның металл құрылғылары зауытында болып, ондағы оқытудың дуалды жүйесімен танысты. Зауыт директоры Нұр Нұрғалиев өз сөзінде, «Имсталькон» АҚ  Кәсіптік лицеймен бірлесіп кәсіптік-техникалық білім беру стандарттарын әзірлеуге белсенді атсалысып жатқандығын атап өтті. Лицей мен зауыттың арасындағы келісімге сәйкес, студенттердің білім алу уақытының 60 пайызы өндірістік тәжірибеге, қалған 40 пайызы теориялық дайындыққа арналады.

Б.Жұмағұлов сондай-ақ, зауытта тәжірибеден өтіп жатқан қарағандылық колледждер мен лицейлердің студенттерімен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе