«Астана» университетінде адам құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты пікірсайыс өтеді

АСТАНА. 23 2012 жылғы 24 ақпанда «Астана» университетінде Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерген мәселелері бойынша «Адам құқықтары - ең жоғары құндылық» тақырыбымен студенттік пікірсайыс клубының алғашқы отырысы өтеді.Пікірсайыс клубының жұмысына Президент Әкімшілігінің, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Астана» университетінің оқытушылары мен студенттері қатысады деп күтілуде.

Елімізде бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, білікті жас заңгерлерді даярлауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жолдаудың осы мәселеге қатысты басымдығын іске асыру мақсатында Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Астана университеті студенттердің білімін, біліктілігін көтеру үшін пікірсайыс клубын құрған болатын.

Қатысушылар Қазақстанның адам құқықтарын сақтау мен қорғауда және елімізде демократиялық негіздердің іргетасын қалауда жеткен жетістіктерін талқылайды.

Қазақстан ратификациялаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактілер және БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы басқа да шарттары еліміздің ұлттық заңнамасының ажырамас бір бөлігі болып саналады.

Қазақстанды әлем елдері нарықты экономикасы дамыған, демократиялық үрдістерді қарқынды іске асырып жатқан, адам құқықтары мен бостандықтарын жоғары құндылық ретінде санайтын ел ретінде танып отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе