Сенатор Ж.Ерғалиев Ақмола облысының ұстаздарымен кездесіп, азаматтарды қабылдады

АСТАНА. 23 Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев Ақмола облысы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысты. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарлады.Кеңесте аталып өткендей, облыста білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. «Балапан» бағдарламасының барысы, ұлттық бірыңғай тестілеудің сапасы жылдан жылға арта түсуде. - «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында Елбасы бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек екендігін атап көрсетіп, білім беру саласындағы басымдықтарды айқындаған болатын, - деді өз сөзінде сенатор Жабал Ерғалиев. - Осы талаптарға сәйкес бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан да мектепке дейіңгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек екенін атап өтті. Ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі талабына сәйкес қазіргі кезде кәсіби техникалық білім беру мәселесі алға шықты.

Аймаққа сапар барысында Ж.Ерғалиев «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Ақмола облыстық бөлімшесінде азаматтарды қабылдады.

Ақмолалықтар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыс орындары, зейнетақы есептеулерін қайта қарау мәселелерін көтерді.

Сенатор қол жетімді тұрғын үй құрылысы жөніндегі бағдарламаны іске асыру барысы туралы хабардар етті. Ол азаматтардың өтініштері атқарушы органдары жіберілетіні және өзінің бақылауында болатынын атап өтті.

Одан басқа, депутат Парламентте қабылданған зейнатақы туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, Қазақстан Президентінің азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіру туралы үкіметке берген тапсырмаларының жай-жапсарын түсіндірді.

Қабылдауға келген Көкшетау тұрғыны Шынар Ғаббасова отбасындағы ауыр жағдай туралы өтініш айтты. Отағасы мүгедек, үш бала тәрбиелеп отыр. Олардың екеуі мектепте, үшіншісі бірінші сыныпқа барады. Сенатор облыс пен қаланың әлеуметтік қорғау органдарына отбасына көмек беру туралы өтініш жасады. Еліміздегі «Мектепке жол» шарасы аясында сенатор бірінші сынып оқушысына өз есебінен қаржы беріп, мектеп үлгісіндегі киіммен қамтамасыз етті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе