Еуразиялық экономикалық одақ қатысушы-елдер экономикасын көтереді - М.Сарыбеков

М.-Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Еуразиялық экономикалық одақ, 29 мамырда Астанада қатысушы-елдер басшылары оны құру жөнінде қол қойған шарт талқыланды.«Еуразиялық экономикалық одақ - елдің экономикалық дамуын тереңдету» атты конференция ауқымында ТарМУ   профессор-оқытушылар құрамы Еуразиялық экономикалық одақтың ұлттық экономикаларды дамытудағы маңызы туралы өз пікірлерін білдірді.

 «Мұндай одақтың пайда болуы - Қазақстан, Ресей, Беларусь үшін тиімді және жемісті ынтымақтастыққа өзара пайдалы қажетті шарттар туғызады, соның нәтижесінде бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптасады», - деп санайды жамбылдық ЖОО ғалымдары.

Ғалымдар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сапалық жаңа деңгейдегі ықпалдастық жобалар үшін барлық жағдай туғызуға ұмтылысын қолдады.

 «Адамдар санасында «еуразиялық бренд» қалыптасты, енді ол экономикалық жағынан  беки түседі. Мемлекетіміздің басшысы ЕАЭО ынтымақтастықтың экономикалық құрамдасы екендігін баса айтып, оның тек қана экономикалық жоба екенін, саяси және егемендікке қол сұғылмайтынын атап көрсетті», - деп аталып өтті конференцияда.

 ТарГУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбековтің пікірінше, экономикалық одақ, ең алдымен, қатысушы елдердің экономикаларын көтеріп, жақсарта түседі, тиімді және жемісті ынтымақтастыққа барлық қажетті өзара пайдалы жағдайлар туғызады, сөйтіп, бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастырады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе