40 мың оқушы халықаралық көрмені тамашалайды

Астана қаласының әкімдігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасы санатындағы және дарынды 40 мың оқушыға ЭКСПО көрмесін тамашалатады, деп .Жас қонақтар үшін екі күндік арнайы бағдарлама қарастырылған: бірінші күні - ЭКСПО-2017 көрмесін аралау, келесі күні - Елорданың әсем жерлеріне саяхат. «Бір жолы қырық оқушыдан құралатын 40 топ келеді, жалпы жиыны 1 600 адам. Осындай 25 сапар жоспарланып отыр», делінген хабарламада.

Әр өңірдің делегациясына Астананың білім беру басқармасы мен оқу орындарының директорларынан құрылған жауапты тұлғалар белгіленді. Әр аймақ тарапынан балаларға жауапты мұғалімдер мен медициналық кызметкерлерi қарастырылған. «Балалардың келуінен бастап, оларды орналастырылу, көрмеге апару, қаланың ішіндегі саяхат және шығарып салу қатынасының бағыты түзілген», деп мәлім етті қала әкімдігі.

Оқушыларды «Astana LRT» ЖШС ұсынған қолайлы жаңа автобустармен тасымалдау жоспарлануда. Оқушылардың барлығы қаладағы білім беру ұйымдарының жатақханаларына орналастырылады. Олардың барлығын төтенше жағдайлар департаменті, тұтынушыларды қорғау департаменті және ювенал полициясының ЖПҚ бөлімінің қызметкерлері арнайы тексеріп шықты.

Елордада тәулік бойы жұмыс жасайтын ахуал орталығы іске асуда (109 нөмірі бойынша).

Барлық орындарды ІІД ЖПҚ қызметкерлері тәулік бойы күзетеді.

10 маусым күні сағат 14.40-та алғаш болып Елордамызға Ақтөбе облысының 162 баласы келеді. Олар қалалық Медициналық колледжінде орналастырылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе