Оқытушылар жаппай ағылшын тілі тестінен өтеді - Айман Мұсақожаева

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева оқытушыларды ағылшын тілі тестінен өткізу туралы айтты, деп тілшісі.

"Бүгінгі талапқа сәйкес, біз ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын тестті өткізуіміз керек. Оған профессор-оқытушылардың барлығы қатысады. Біздегі пәндердің 30 проценті ағылшын тілінде берілуі керек. Наурыз айында біз ағылшын тіліндегі курстарды бастаған болатынбыз. Барлық оқытушыларды осы курстарға қатысуды сұраймын. Себебі маусым айында жаппай тестілеу басталады. Соған қарай ағылшын тілін білу деңгейі анықталады. Ал тиісті деңгейге сай келмейтіндердің университетте жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды", - деді А.Мұсақожаева музыка қайраткерлерінің жиналысында.

Ректордың айтуынша, оқу құралдары қазақ және орыс тілдерінде қалай жазылса, тура солай ағылшын тілінде де жазылуы керек. Негізгі меже - 30 процент пәндердің ағылшын тілінде берілуі.

Айта кетейік, бүгінде жиында музыка қайраткерлерінің одағы алдағы президенттік сайлауға қатысты өз ұстанымын білдірді. А.Мұсақожаеваның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президенттік сайлауды өткізуге қатысты шешімі орынды. Себебі xалық өз қалауын білдіріп, Президентті сайлап алуы қажет.

"Конституция бойынша Елбасы өзінің өкілеттілігін Сенат төрағасына тапсырды. Ал 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлауды 9 маусымда өткізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Ата заңымызға сәйкес, Қазақстанның Президентін xалық сайлайды. Еліміздің әрбір азаматы дауыс беру арқылы өз кандидатын таңдауға құқылы. Сондықтан Президент сайлауына барып, өз таңдауымызды жасауымыз қажет", - дейді А.Мұсақожаева.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе