Атыраулық өнертапқыш ЭКСПО-2017 көрмесіне «Күн ағашы» жобасын ұсынбақ

Жоба гаджеттерді баламалы энергия көзімен қуаттандыруға мүмкіндік береді. Атырау тұрғыны Ержан Нұриденов Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде «Саманея» инновациялық құрылымын таныстырмақ, деп хабарлайды Kazpravda.kz.Автордың айтуынша, «Қүн ағашы» жобасы көшелерді және жақын маңдағы үйлерді де жарықпен және жылумен қамти алады. Сонымен қатар, құрылым ауа температурасы мен ылғалдылығын, жел жылдамдығын өлшейтін құрылғылармен жабдықталған. Тұрғындар жабдық көмегімен гаджет аккумуляторларын қуаттандырып, Wi-Fi желісіне қол жеткізе алады.

«Құрылымның сырт пішіні саманея ағашына ұқсайды. Атауы да осыдан шыққан. Бұтақтарына күн батареялары орнатылды, оның әрбірінің астына модульды шағын жел генераторлары орнатылды», - деді өнертапқыш.

Ержан Нұриденовтің пікірінше, мұндай құрылғыны бұрын-соңды ешкім де жасаған емес. Жоба «EXPO 2017» көрмесіндегі қазақстандық павильонға қойылу құқығын беретін байқауға қатысуда. Өнертапқыш атыраулықтардан қолдау көрсетуді сұрады. «Қымбатты Атырау және Қазақстан тұрғындары! «Болашақ энергиясы» байқауында менің жобама дауыс берулеріңізді сұраймын. Мұның барлығын сіздер үшін ойлап таптым», - деді жоба авторы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе