ЭКСПО-2017 көрмесін 13 мың атыраулық оқушы тамашалайды

Астанадағы ЭКСПО-2017-ге 13 мың атыраулық оқушы бара алады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.«ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесіне жастар тарапынан қызығушылықтың жоғары екендігін есепке алып, мектеп оқушылары мен кәсіби-техникалық колледждің студенттерін Астанаға жіберу үшін жергілікті бюджеттен арнайы қаржы бөлінді. Көрмені көруге жаз бойы 13 мың оқушы мен колледж студенттері бара алады. Бұл сапардың тәрбиелік және білім беру мәні орасан. Біз олардың жол ақысын, елордада тұратын жерін, көрменің билетін төлейміз. Астанаға бірінші болып ата-анасының қамқорлығынан айырылған және аз қамтылған отбасылардың балалары жіберіледі», - деп хабарлады Өңірлік коммуникация қызметінің брифингінде Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова.

Ол Астанаға өз қалауымен көрмені көргісі келетін жастардың да баратынын атап өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе