Бауыржан Байбек: Экономикалық интеграцияға түсу жолдың бастауы ғана

Экономикалық интеграцияға түсу жолдың бастауы ғана. Бұл туралы бүгін Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің профессорлық-оқытушылық құраммен және студенттермен кездесуі барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.Кездесудің басты мақсаты Еуразиялық экономикалық одақтың құрылу мәселелері мен Қазақстанның болашақ дамуының әлеуетін талқылау болды.

«Меніңше, Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы тарихи шешімнің қарсаңында экономикалық ықпалдастықтың мүмкіндіктері мен келешегі төңірегінде талқылаулар жүргізу маңызды. Экономикалық ықпалдастыққа түсу барысында біз бұл тек жолдың бастапқы кезеңі ғана екенін түсінуіміз шарт. Бұл алғашқы қадамымыз және өге елдердің тәжірибесі негізінде осы жолмен алға жүре беретн боламыз», - деді ол.  

Әңгіме барысында Б.Байбек ҚР Президенті Н.Назарбаев осыдан жиырма жыл бұрын атап өткен экономикалық интеграцияның негізгі принциптеріне де жіті тоқталды.

«Сол кезде біздің Мемлекет  басшысы айтқан көптеген мәселелерді көпшілік жетесіне жетіп,  түсінген жоқ. Елбасы сол кезде ықпалдастықтың төрт басым бағытын атап өтті. Біріншіден, ол - прагматизм. Мемлекет пен халықтың мүдделерін ескеру арқылы тек қана экономикалық байланыстарды дамыту.  Екіншіден, Мемлекет басшысы көпдеңгейлі, көпжылдамдықты интеграцияны сөз етті. Үшіншіден, ықпалдастық ерікті, ашық және теңқұқылы болуы тиіс деді. Төртіншіге аймақтық қауіпсіздікті жатқызды.  Бүгін әлемде түрлі қауіп-қатерлер көп. Бірлесе жүріп, дамыған маңызды. Мына бәсекеге және тартысқа толы дүниеде жалғыз жүру қиын», - дейді Б.Байбек.

Іс-шара жұмысына сонымен қатар ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рахым Ошақбаев, Еуразиялық ықпалдастық институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева қатысты.

«Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен осындай жиындар республиканың барлық жоғары оқу орындарында өтеді деп жоспарлануда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе