Павлодарлық оқытушылар кәсіпкерлік негіздерін үйреніп жатыр

– Павлодарда орта мектеп, орта білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары «Кәсіпкерлік негіздері» бойынша білім алып жатыр. 

Жақында кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алушылардың бірінші ағымы оқуларын аяқтады, деп . «Облыста 93 мұғалім кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алып жатыр. Аталмыш шараны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруда, деп хабарлады палатаның Павлодар облыстық филиалының өкілдері. «Атамекен» ұйымының хабарлауынша, жоба нарықта сұранысқа ие мамандарды дайындау және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.   Бұл сабақ «Бастау» жобасының аясында қолға алынып отыр.     Бизнес-тренер, PhD докторы, Павлодардағы жоғары оқу орындарының бірінің Басқару және саясаттану кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Баяндинаның айтуынша, биылғы жыл Жастар жылы болып жарияланғаны баршаға мәлім. Осы тұрғыдан алғанда кәсіпкерлікке оқыту дер кезінде қолға алынып отырған шара деуге болады.   «Кәсіпкерлік негіздері курсы кәсіпкерлікті қалай бастау керек, салық түрлері, өңірде сұраныс тудырып отырған бизнес-жобалардың маркетинг негіздері сияқты тақырыптарды қамтиды. Оқу 36 сағатқа негізделген»,-дейді «Атамекен» палатасының Павлодар облыстық филиалының өкілдері.     Палатаның мәліметтері бойынша, кәсіпкерлік бойынша білім алушылар курсқа ерекше қызығушылық танытып отыр. Олар жастарды қолдауға бағытталған мемлекетік бағдарламаларды да ерекше ықыласпен зерделеуде. «Атамекен» ұйымы мектептердің жоғары сынып оқушылары мен колледждер және жоғары оқу орындарында кәсіпкерлікке оқытуды жастар арасында кәсіпкерлер санын арттыру үшін қолға алып отыр.        Авторы: Антон Гагарин
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе