Елордада ЭКСПО 2017 аясында ағылшын тілі мұғалімдері арасында байқау аяқталды

АСТАНА. 28 Астанада ағылшын тілі мұғалімдері арасында қалалық байқаудың қорытындысы шығарылды. Байқау елордада «Экспо -2017»  халықаралық көрмесі өтетіні туралы белгілі болғаннан кейін бірден жарияланды, деп хабарлайды қалалық Білім басқармасы.Байқаудың бірінші турында мұғалімдер: «Экспо 2017- Қазақстанның келбетін таныту» тақырыбында эссе жазды. Екінші турда ағылшын тілін белгілі дәрежеде білу мен сабақ беру әдісін көрсету тестісі өтті. Үшінші тур - шығармашылыққа арналды

Бір айта кетерлігі, қазылар алқасының құрамына 2-3 шетел тілін меңгерген кәсіби педагогтар енді. Олардың арасында ағылшын тілін жетік меңгерген және орыс тілінде сөйлейтін Мальтадан келген ағылшын тілінің оқытушысы Наварро Тео, Оңтүстік-Африка Республикасының өкілі  - Людвиг Ван Гран және Франциядан келген Каролин Бертоне бар. Сонымен қатар, қазылар алқасының құрметті мүшесі ретінде бес тілді еркін меңгерген германиялық Таня Унтербергер болды.

Астана қалалық №25 орта мектептің мұғалімі Мария Юрьевна Власова сайыстың жеңімпазы атанды. Жеңімпазға жүлде ретінде Англияға екі апталық сапарға сертификат берілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе