2021 жылға дейін Ауғанстанның 1 мың азаматы Қазақстанда оқытылады - Бақытжан Жұмағұлов

АСТАНА.  13 Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары  «2009 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

 Хаттаманың мақсаты Қазақстан мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы білім беру саласы бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейту болып табылады. Ал, хаттамаға өзгерістен енгізетін келісім 2010 жылғы 18 маусымда Кабулда жасалған.

«Келісімге орай 2021 жылға дейін Ауғанстанның 300 азаматын техникалық білім беру ұйымдарында және 700 азаматын жоғары оқу орындарында оқыту жөніндегі Қазақстанның міндеті қарастырылады. Ал, келісімнің 5-бабына сәйкес жоғарыда айтылған 700 азаматтың 170-і магистратура бойынша білім алатын болады»,-деді Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

Жалпы алғанда, ауғанстандықтар Қазақстанның жоғары оқу орындарында әртүрлі салаларда бірқатар мамандықтар бойынша оқытылады. Атап айтсақ, денсаулық сақтау - 200 адам, ауыл шаруашылығы - 129, ішкі құқық тәртібін қамтамасыз ету - 75, гуманитарлық сала және журналистика - 40, жаратылыс тану ғылымдары - 6, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес - 18, өнер - 18, құқық - 6, мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету - 45, инженерлік - 91, педагогикалық бағытта - 66 адам.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе