«Жас ұлан» республикалық мектебінде «Ғарыш әлемі» атты шығармашылық байқау өтті

АСТАНА. 16 сәСағадат Нұрмагамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде ғарышкерлер күніне арналған «Ғарыш әлемі» атты шығармашылық байқау өтті, деп хабарлады «KAZENERGY» қауымдастығының баспасөз қызметі.Еліміздің болашақ Отан қорғаушыларын дайындайтын бұл білім беру мекемесіне «KAZENERGY» қауымдастығы демеуші ретінде бірнеше жыл бойы жан-жақты көмек көрсетіп келеді.

Өткен байқау «KAZENERGY» және «Жас ұлан» мектебінің біріккен білім жобасының аясында іске асып отыр. Оның бас мақсаты - ғарыш, физика және астрономия саласында білім алып жатқан жастардың патриоттық сезімін оятып, танымалдық талпыныстарын арттыру және Қазақстанның ғарышты игеруге қосқан үлесін айқындау болды.

Жасөспірімдер шығармашылық сайыстың үш аталымы бойынша өз жұмыстарын қазылар алқасына ұсыңды: «Ғарыш тақырыбына арналған  үздік сурет», «Ғарышқа ұшу аппаратының  үздік моделі» және «Ғарыш тақырыбы бойынша үздік шолу».

Көркемсурет аталымы бойынша бірінші орынды Алекс Чмырь иеленді, екінші орын - Алмаз Сейіткәрімде, үшінші орын - Ардақ Әлімжанда.

Ең үздік дизайнер атақтарына ие болғандар: Валерий Шапошников (бірінші орын), Дәмір Мұстаханов (екінші орын) және Олег Пузиков (үшінші орын)

Тағы бір жас ұлан Нұрдаулет Жұманұлы «Ғарыш тақырыбы бойынша үздік шолу»  аталымында  жеңімпаз атанса, оның құрдастары Богдан Яцыв пен Нұрсұлтан Қажыбаев екінші және үшінші орындарға ие болды.

Сондай-ақ, білімге талпынысы мен шығармашылық шеберлігі үшін Руслан Қонақов «KAZENERGY» қауымдастығының арнайы сыйлығына ие болды.

 Марапаттау рәсіміне аты аңызға айналған ұшқыш-сынақшы, қазақтың тұңғыш ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров қатысты. Байқау қорытындысы бойында жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе