Астанадағы оқу далалық жиынға қатысқандардың 90 пайызы әскерде қызмет еткісі келді (ФОТО)

Астанадағы «Отан қорғаушылар» мемориалының алаңында елорда мектептерінің 10-сынып оқушыларының 5 күндік оқу далалық жиыны аяқталды. Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде атап өткендей,  жиынға қатысқандардың 90 пайызы әскери қызметке қажетті дағдыны алу және ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге талпыныстары мен әзірліктерін  танытты.      

«Жиын барысында бозбалалар іс жүзінде бастапқы әскери дайындық сабақтарында алған теориялық білімдерін, сарбаздың міндеттері мен іс-қимылдарын  орындауда шеберліктері мен машықтарын бекітті, қарумен және қарусыз саптық айла-тәсілдер мен қозғалыстарды орындау пысықталды», - деді Астана қаласы Білім басқармасының бастапқы әскери дайындық жөніндегі әдіскері Сергей Шарипов. 

ҚР ҚМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушылар ротадағы ішкі тәртіп туралы түсінік алды, атыс қаруының материалдық бөлігін, одан оқ ату амалдары мен ережелерін, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын, жеке қорғаныс құралдарын қолдану ережелерін зерделеді.

Жиын қорытындысы бойынша «Үздік роталар» аталымында №56 орта мектебінің 2-ротасы бірінші орынды, №35 және №52 орта мектептерінің 4 және 8-роталары екінші орынды өзара бөлісті, №63, 54 және 53 мектептерінің 11, 9 және 5-роталары үшінші орынды иеленді.         

«Мектептердегі бастапқы әскери дайындық оқушыларға әрі қарай әскерге қызмет етуге орналасу кезінде көмектеседі», - дейді Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Бақтияр Пернебеков.

Іс-шараның соңғы кезеңінде  жиынға қатысушылардың көрсетілімдері болды. Олар дефиле, қоян-қолтық ұрыс, взвод құрамында қарусыз саптық айла-тәсілдерді орындау, әскерилендірілген эстафета және т.б. паш етті. 

Естеріңізге сала кетейік, жиындар 11 мектеп пен 68665 әскери бөлімінің базасында өткізілді. Онда әскери қызметшілер оқушыларға әскери қызметтің беделі туралы айтып берді және қоян-қолтық ұрыстың машықтарын, жерді шартты лаңкестерден босатуды көрсетті. Жиынға елорда мектептерінің 10-сыныптардың 2200-ден аса оқушысы қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе